Оның айтуынша, жаңа форматтағы бағалау тоқсан сайынғы негізде тиімділікті өлшеудің озық құралдарын пайдалану арқылы іске асырылатын болады.

«Бұл ретте KPI-ға қол жеткізуді бағалау, 360 градус әдісі бойынша бағалау және саралау әдісі қолданылады. Оған сәйкес, бағалау әртүрлі субъектілер үшін сараланады. Әрбір бағалау субъектісі үшін олардың тиімділігін өлшеудің әртүрлі әдістері қолданылатын болады. Атап айтқанда, құрылымдық бөлімше, мемлекеттік орган басшысының қызметін бағалау нысаналы мақсатты индикаторларға қол жеткізуді бағалау негізінде жүзеге асырылады. 360 градус әдісі бойынша бағалау басшылық құрамға да, орындаушы құрамға да қолданылатын болады. Айырмашылық тек бағаланатын құзыреттерге қатысты болады», - деді агенттік төрағасының орынбасары.  

Бұған қоса, алдағы уақытта заңға 4 тоқсан қатарынан жоғары баға алған қызметшілерді тікелей тағайындауды көздейтін түзетулер қарастырылды. Екі тоқсан қатарынан қанағаттанарлықсыз баға алған қызметшілер лауазымдарынан төмендетуге жатқызылады және бос лауазым болмаған жағдайда олар жұмыстан шығарылады. Бұл тәсіл тиімсіз мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан шығару жөніндегі Президенттің тапсырмасын іске асыруды қамтамасыз етеді.


Заңға енгізілген түзетулер бағалау рәсіміне елеулі өзгерістер енгізіп, персоналдың тиімділігін өлшеу институтының  қорытындылары мемлекеттік қызметтегі кадрлардың одан әрі мансаптық ауысуына септігін тигізбек.