«Бүкіл кезең бойы іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз, тұрақты афтершок кезінде, онсыз да тұрақты емес конструкциялардың қайта құлауының тұрақты қаупі кезінде жүргізілді. Сонымен қатар жұмыс қаза тапқандардың көптігімен және ТЖ аймағында олардың туыстары мен жақындарының болуымен байланысты жоғары психоэмоционалды жүктеме жағдайында жүргізілді», – деді спикер.


Өз кезегінде қазақстандық құтқарушылардың бірі ең үлкен қуаныш – бұл тірі адамдарды табу екенін айтты.


Қазақстандық ТЖМ тобына Газиантеп қаласының Ибрахимили ауданындағы екі нысан (толығымен қираған екі тоғыз қабатты үй, жеті қабатты үй, жартылай қираған алты қабатты үй), Нұрдағы қаласындағы (толығымен қираған алты қабатты үй), Хатай қаласында (толығымен қираған алты қабатты үй) бекітілді. 


Қазақстандық құтқарушыларға Түркия Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер қатарынан еріктілер көмектесті. Барлығы 10-ға жуық волонтер-аудармашы тартылды.