«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамада қауіпті өндірістік объектілердің иелерін нормативтік қызмет мерзімін өткерген техникалық құрылғыларды уақтылы жаңартуға міндеттейтін нормалар көзделген. Өткен жылы қауіпті өндірістік объектілердің иелерімен 2,5 мың бірлік технологиялық жабдық ауыстырылды», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.
Н. Мақажановтың айтуынша, заңнаманы жетілдіру аясында өткен жылы «таза парақтан» реттеуді енгізу барысында Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігін бағалау тұрғысынан 55 реттеушілік актіні талдап, қарады.
Жүргізілген жұмыс барысында өнеркәсіптік қауіпсіздіктің 27 268 талабы белгіленді, оның ішінде 31 реттеушілік актідегі 2 172 талап базалық шарттарға сәйкес келмеді.
«Өткен жылдың соңына дейін 28 реттеушілік актісі заңнамада белгіленген тәртіппен сәйкестендірілді. Қазіргі уақытта 2 реттеушілік акт белгіленген тәртіппен өзектендіру рәсімінен өтеді және 1 акті бойынша «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілгеннен кейін іске асыру мүмкін болады», – деді спикер.