Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттаманы (карта 1:200 000) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Сондай-ақ Президент «Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі және шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.