«Қазақстанға келгеніме 18 айға жуықтады, мені осы елдің қонақжайлығы таң қалдырды. Тұрғындар мені үйлеріне шақырып, ел мәдениетімен таныстырады. Биыл франкофония аясында мен де дастарқан жайып, қонақ шақырмақпын. Осыған орай, 13 наурызда жұбайым аспазшы Мари-Изабель Ивуланың қолдауымен швейцариялық тағамдар дайындау бойынша шеберлік сыныбын өткізеді. Содан кейін қатысушылар өнімдерден дәм татады. Бұл іс-шара да біздің бірге жұмыс істей алатынымызды көрсетеді», – деді Швейцарияның Қазақстандағы елшісі Дэвид Грихтинг Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Франкофония көктемі-2023» мәдени іс-шаралар маусымын таныстыру барысында.