Бұл технология мемлекет ұсынатын қызметтердің сапасы мен жылдамдығын арттырады, құжаттарды ресімдеу мерзімін едәуір қысқартады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Себебі барлық процесс ашық түрде жүргізіледі.

Құрылғының көмегімен тек өтініш беріп қана қоймай, дерекқордағы фотосурет бойынша жеке басты сәйкестендіріп, QR-коды арқылы төлемді сол жерде жасауға болады.

Бірнеше қадам жасау жеткілікті:

– ЖСН және ұялы телефон нөмірін енгізу;

– суретке түсіру және қол қою;

– экрандағы QR-кодты пайдаланып, мемлекеттік бажды төлеу;

– SMS арқылы қалыптастырылған қолхат алу;

– көші-қон қызметінің қызметкеріне өтінім нөмірін дайындау үшін көрсету.

Бұл ретте ұялы телефон нөміріңізді мобильді азаматтар базасына тіркеу қажет, бірақ мұны өтінімді ресімдеу кезінде де жасауға болады.