Спикер ЕО-ның жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы жинақталған тәжірибесін ескере отырып, еліміздің осы бағыттағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге қызығушылық танытып отырғанын айтты.
«Қазақстанның «Жасыл Орталық Азия» Германия бастамасының негізгі ойыншысы ретінде трансшекаралық Климаттық ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосу контексінде «Климат, қоршаған орта және қауіпсіздік жөніндегі бірлескен саяси диалогтың өңірлік іс-қимыл жоспарын» іске асыруға белсенді қатысуы маңызды», - деді А. Тәженов.
Еуроодақтың қолдауымен осы бағытта жүзеге асырылатын нақты қадамдардың бірі - Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құру жөніндегі қазақстандық ұсынысты іске асыру болып табылады. Бұдан басқа, бұл жоба 2012 жылы Рио+20 орнықты даму жөніндегі Дүниежүзілік саммиттің қорытынды құжатына енген «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы» атты қазақстандық бастаманы одан әрі ілгерілетуге ықпал етеді.
Аталған қадамдар Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығын дамыту үшін қосымша перспективалар ашады. Оған өткен жылы ЕО шеңберінде де, жекелеген еуропалық елдер шеңберінде де жоғары деңгейдегі бірқатар өзара сапарлар дәлел бола алады.