Спикердің айтуынша, тұжырымдама шеңберінде 60-тан астам іс-шараны іске асыруды көздейтін іс-қимыл жоспары әзірленді. Мәселен, ауыл халқының табысын арттыру бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру көзделген. Әрбір ауылдық округтің мамандануына скрининг жүргізу, жеке тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына шағын несие беру, сервистік-өткізу кооперативтерін қалыптастыру, лизингке техникамен және жабдықпен қамтамасыз ету және т. б. бойынша шаралар іске асырылатын болады.

«Сонымен қатар СҚО-ның АӨК-тегі ірі зәкірлік инвестициялық жобаларды қаржыландыру, аудан орталықтарында және ірі ауылдық елді мекендерде шағын өнеркәсіптік парктер құру жөніндегі тәжірибесін тарату іс-шараларын іске асыру көзделген», - деп атап өтті Б.Омарбеков.

Сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың шағын және орта бизнес белдеуін құруды, әлеуметтік дамытуды және ауылдық аумақтарды өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, даму бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі міндеттемелерін заңнамалық тұрғыдан бекіту жөніндегі мәселені пысықтау бойынша іс-шаралар көзделген.

«Мен кәсіпкер» құралы шеңберінде «Бір ауыл – бір өнім» жобалары және өңіраралық кооперация бойынша пилоттық жоба іске асырылады. Сондай-ақ ауыл кәсіпкерлігін қолдау және дамыту мақсатында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және несиелер бойынша кепілдік беру жөніндегі іс-шаралар көзделген, деп қорытындылады вице-министр.