Спикердің айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды қамтамасыз ету аясында 756 тексеріс жүргізіліп, 46 мыңға жуық заң бұзушылық анықталды. 602 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 305 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Агенттік жанында сервистік мемлекеттік аппараттын қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері бойынша консультативтік-сараптамалық топ құрылды. Сараптамалық топта мақұлданған ұсыныстар мемлекеттік органдарға шешім қабылдауға жіберіледі. Ақпараттық жүйелердің жұмысына жүргізілген мониторинг нәтижесінде Цифрлық даму министрлігі анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Жоспарда порталда жұмыс істемей тұрған 25 электрондық қызметті қалпына келтіру, 9 қызмет бойынша ақпараттық жүйелердің функционалын пысықтау, 11 дерекқорды ықпалдастыру көзделген», - С. Мүксімов.

Сондай-ақ талдау және мониторинг негізінде 21 орталық мемлекеттік органға және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бұзушылықтардың алдын алу және қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған 1200 астам ұсыныс жіберілді.