Спикердің айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсетудің бас тартылмайтын рәсімдеріне көшуді жүзеге асыру ұсынылады. Яғни, ресми негіздер бойынша бас тартудың барлық мүмкіндігін жоққа шығару қажет.

Екіншіден, субъективті құқық нысанасына жатпайтын жағдайларды мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз ретінде пайдалануға тыйым салу ұсынылады.

«Яғни, әкімшілік айыппұлды төлемеу автокөлік құралдарын есепке қоюға немесе жеке куәлік беруге тосқауыл болмау керек», - деп түсіндірді спикер.

Бұл жағдайда айыппұл қызметті алуға кедергі болмауға тиіс.

Бұдан басқа, алдын ала өтініш беру жүйесін, сондай-ақ құқықтық мирасқорлық және өкілдік институтын енгізу тетігі пысықталуда. Бұл ретте спикер қызмет көрсетушілердің жұмысында кейде техникалық іркілістер орын алып жататынын айтты. Азаматтар бірнеше сағат бойы жүйе жұмысын қалыпқа келтіруді күтіп, кезекте тұруға мәжбүр болады. Ақпараттық жүйелерде өтініштерді алдына ала беру мүмкіндігі қарастырылмақ. Қызмет автоматты түрде көрсетіледі, мысалы, адамның ХҚКО-ға тағы да баруына қажеттілік болмайды.

«Бұл ұсыныстар мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа енгізілген Президент идеясының жалғасы іспетті», - деді С. Мүксімов.