2005 жылдан бастап 2022 жылдың 3 тоқсанына дейін түркі мемлекеттері ұйымы елдерінен Қазақстанға түскен тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 4,8 млрд АҚШ долларын құрады, оның 95% Түркияның үлесіне тиесілі, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
2021 жылы Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі жылдық ең жоғары көрсеткішке, яғни 703,3 млн АҚШ долларына жетті. Ал 2022 жылғы 3 тоқсанда 347,7 млн АҚШ долларды құрады.
Айта кетейік, түрік инвестициялары негізінен экономиканың сауда және қонақ үй секторларында ұсынылған. Түрік инвесторлары еліміздегі қонақ үй бизнесінде БАӘ-ден кейінгі екінші орында.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!