«Биыл 17-18 наурызда прокурорлардың шаралары бойынша сайлау заңнамасын бұзғаны үшін тағы 7 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Олардың үшеуі - Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша. Мысалы, биыл 17 наурызда Орал қаласында Қазақстандағы «Сайлау туралы» конституциялық заң талаптарын бұза отырып, сауалнама жүргізгені үшін сот қаулысымен баспа басылымдарының бірі меншік иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының 3-бөлігімен айыппұл салынды. 18 наурызда Түркістан қаласында Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың біріне анонимдік үгіт материалдарын таратқаны үшін орталық сайлау комиссиясының келісіммен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 113-бабы бойынша сот 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Бірақ бұл оның тіркеуінің күшін жоюға әкеп соқпайды», - деді спикер.
Дауыс беру мәселелеріне қатысты өтініштерге тоқталған ол, соттар мен прокуратура органдары оларды бүгін дереу қарайтынын айтты. Жалпы ағымдағы сайлау науқаны басталғалы бері Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша Прокуратура органдарына 113 өтініш келіп түсті.
«Негізінен бұл жекелеген құқық бұзушылықтарды сыбайлас жемқорлыққа жатқызу туралы түсіндіру беру жөніндегі мәселелер болды. 63-і бойынша арыз иелеріне түсіндіру сипатындағы жауаптар берілді, 36 өтініш құзыреті бойынша өкілетті органдарға жолданды. 14-і бойынша бас тарту сипатындағы жауаптар берілді»ғ – деді БП өкілі
Маслихат депутаттары бойынша 212 өтініш түсіп, оның 149-ы өкілетті органдарға жолданды 51-і бойынша түсіндірулер берілді, 12 өтініш бойынша оларда көрсетілген уәждер расталмай, тиісті жауаптар берілді. Сайлау процесі заңдылығының сақталуына жоғары қадағалау жалғасады.