«Қазақстанда халықаралық бақаушы ретінде қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Демократия құру ұзақ уақытты қажет ететінін білеміз. Норвегияда демократия құруға 3 ұрпақ қатысты. Демократия бір күнде құрылмайды. Мұны түсіну керек. Шыдамдылық қажет», - деді Оңтүстік Шығыс Норвегия университетінің лекторы, Молде университетінің доценті, «Procuratio Consulting» компаниясының кеңесшісі Гленг Агунг Холе.


Польшадан келген халықаралық байқаушы өз әріптесін қолдады. 


«Бүгінгі сайлау демократияландыру үдерісіндегі маңызды сәт деп санаймыз. Мен Астанадағы үш учаскеде болдым. Барлығы жақсы сияқты, бәрі стандартқа сай өтіп жатыр», - деді «Бойма» атындағы Азия және жаһандық зерттеулер институтының Ғылыми кеңесінің мүшесі Ежи Олендзкий.