«Біз өзіміз сияқты заң үстемдігін, бостандықты, адам құқықтары мен демократиялық процестерді қамтамасыз ететін елдермен серіктес болуға ниеттіміз. Қазақстан халқының бірлесіп жұмыс істеуге деген ерік-жігерін және Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін осындай қысқа уақыт ішінде демократия құра алғанын атап өткім келеді», - деді Ұлыбритания парламентінің мүшесі Даниэль Роберт Кавчински. 


Португалия Парламентінің депутаты, Жерорта теңізі парламенттік ассамблеясының вице-президенті Педру Рок Оливейраның айтуынша, сайлаудың негізгі мақсаты – реформалар жүргізу және заң үстемдігін жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ әртүрлі партиялар ұсынылған Парламент құру.  


«Біз мектептер базасындағы сайлау учаскелеріне дағдыланып қалдық. Бүгін Операда, музейде орналасқан әдемі сайлау учаскелерін көрдік. Бұл өте маңызды және қызықты, өйткені демократия да осындай болуы керек деп ойлаймыз», - деді спикер. 


«Басшылықтарыңызды құттықтаймын, өйткені азаматтар үшін көптеген жақсы қадамдар дұрыс бағытта жасалды», - деді Жерорта теңізі парламенттік ассамблеясының Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Джонас-Флорин Уркан.