Орта буын мамандықтары үшін стипендия мөлшері 20 948 теңгеден 31 422 теңгеге дейін, жұмысшы мамандықтары бойынша 21 787 теңгеден 32 681 теңгеге дейін артады.

2024 жылы стипендия 100%-ға өседі.

Колледж студенттерінің стипендия мөлшерін екі есеге ұлғайту туралы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында айтылған болатын.