Спикердің айтуынша, Президенттің Жарлығымен бәсекелестікті дамыту және қорғау жөніндегі 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілді. Онда бірнеше негізгі бағыттар бар. Ең алдымен, бұл негізгі қуатқа, инфрақұрылымға, шектеулі ресурстарға қол жеткізу. Тауар нарықтарына кірудің әкімшілік-экономикалық кедергілерін қысқартуды, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына, мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуға тең қолжетімділігін, мемлекет иелігінен шығару, жекешелендіру, бәсекелестікті дамыту және қорғау тетіктерін жетілдіру, тауар нарықтарына кіру үшін кедергілерді жою қамтамасыз етуді көздейді.
«Тұжырымдаманы іске асыру үшін біз бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жол карталарын әзірлейтін боламыз, онда тиісті салалар бойынша нақты іс-шаралар қамтылады. Бүгінгі таңда медицина, тұрғын үй құрылысы, отын-энергетика кешені нарығы, көлік және байланыс салаларында 8 Жол картасы бекітілді», - деді БҚДА өкілі.
Спикер медицина саласындағы Жол карталары туралы айтып берді. Олардың біріншісі уәкілетті органмен бірлесіп бекітілген 20-ға жуық іс-шараны көздейді. Ең алдымен, олар тауар нарықтарындағы артық бағаны реттеуді төмендетуге, ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуларда қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Сондай-ақ денсаулық сақтау саласына мемлекеттің қатысуы төмендейді, бірқатар әкімшілік кедергілер, рұқсаттар мен лицензиялау жойылады.
«Жол картасы жеке медицинаны дамытуға, қызмет түрлерін дамыған инфрақұрылымы бар нарықтарға беру арқылы мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекет меншігінен шығаруға бағытталған», - деді Р. Ахметов және мұндай түрлерге жеке бизнес жақсы ұсынылған стоматология, жалпы дәрігерлік практика жататынын түсіндірді.
Бұдан басқа, Жол картасы тауар нарықтарына кірудің бизнес үрдістерін оңтайландыруды, цифрландыруды, интеграциялауды көздейді.
Спикер атап өткендей, дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау бойынша Жол картасы қабылданды, ол кедергілерді азайтуды, баға белгілеу мәселелерін шешуді, инфрақұрылымға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді көздейді.