Қазір жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша жұмыс берушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Нәтижесінде өткен жылы 2,5 мың жұмыс беруші 5%-дан 50%-ға дейін бөліністе 2 млн астам жұмыскердің жалақысын көтерді. Жыл басынан бері 1,7 мың жұмыс беруші 1 млн астам жұмыскердің жалақысын орта есеппен 12%-ға көтерді», - деді Бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

Комитет төрағасының айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасады.

Сонымен қатар ол жалақы жөніндегі берешекті өтеу бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында еңбек инспекторының құзыреті артқанын жеткізді. Министрліктің бастамасы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының жұмыс берушіге жалақы берешегін төлеу туралы нұсқамасы атқарушылық құжаттың міндетті күші бар құжаттарға жатқызылды. Қазіргі уақытта нұсқаманы орындау мерзімі өткеннен кейін ол мәжбүрлеп орындау үшін жеке сот орындаушыларына жіберіледі.

«Жоғарыда аталған шара жалақы бойынша берешек болған жағдайда неғұрлым пәрменді шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Осылайша, сот орындаушылары борышкерлердің шоттары мен мүлкіне тыйым сала алады және оның шетелге шығуын шектейді. 2022 жылы сот орындаушыларына 47 іс жіберілді, ал осы жылдың 2 айының көлемінде 14 іс берілді», - деді Т. Оспанқұлов.