Еңбек заңнамасын сақтау мәселелері министрліктің ерекше бақылауында тұр, деп атап өтті спикер.

«Биылғы жылдың 1 наурызына мемлекеттік еңбек инспекторлары 900-ден астам тексеру жүргізді, оның барысында 1 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Оның ішінде еңбек саласында – 865, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша - 132, халықты жұмыспен қамту саласында - 8. Жұмыс берушілерге 527 ұйғарым берілді және 54 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды. 4662 өтініш қаралды», – деді ЕХӘҚМ өкілі.

Спикердің айтуынша, республика кәсіпорындарында 18 мыңнан астам өндірістік кеңес жұмыс істейді, онда 24 мыңнан астам еңбекті қорғау инспекторы ішкі бақылауды жүзеге асырады. Олар 2022 жылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың 139-дан астам бұзушылықтарын анықтады.

2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жұмыс берушілер hr.enbek.kz порталында орналастырылған «Онлайн-еңбек консультанты» функционалы арқылы еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бойынша өзін-өзі тексеруден өтуге мүмкіндік алды. Сервис еңбек инспекторының қатысуынсыз интерактивті режимде тексеру жүргізеді. Бұзушылық анықталған жағдайда, бұл функционал актіні береді, оған сәйкес жұмыс беруші өз қызметіне түзетулер енгізуі керек.