Қазіргі таңда Қазақстандағы үш ірі мұнай өңдеу зауыты 17 млн тонна мұнай өнімдерін өндіреді.

Былтыр тамыз айында Энергетика министрлігі дизель отынын тұтыну 500 мың тоннаға дейін артқандықтан, зауыттардың қуатын барынша қолдануға мәжбүр болды.

«Зауыттар сапалы жұмыс істеу үшін демалу керек. Ал бұл жанармай тапшылығы мәселесін шешкен кезде ғана мүмкін болады. Тапшылық мәселесі баға сияқты экономикалық ынталандыруға көшкен кезде ғана шешімін табады. Біз барлық әкімшілік шараларды қолдандық. Соңғысы қалды, экономикалық. Мұны біз бүкіл тізбек бойынша бәрін сәйкестендіру үшін жасауымыз керек», - деді спикер.

Ақшолақовтың айтуынша, жаңадан салынатын мұнай өңдеу зауыты бұл жағдайға оң әсерін тигізуі мүмкін. Жаңа зауытта 90%-ға дейін өңделген мұнай өнімдерін өндіруге болады.

«Жаңа зауыт біздің нарығымызға 2,5 млн тонна дизель отыны мен 2,5 млн тонна бензин қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, авиациялық отын шығарылады», - деді ол.