Сыбайлас жемқорлықты жою, болдырмау және оның алдын алу жұмыстарын тек қана уәкілетті орган мен мемлекеттік аппараттың атқаруы мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық саласындағы қызметтің басшысы оған мемлекеттік емес ұжымдар, басқа да қорлар атсалысып келе жатқанын жеткізді.
«Қазіргі таңда бізбен бірнеше жылдан бері әріптес ретінде жұмыс істеп келе жатқан «Әділдік жолы» деген ұжым бар, басқа да ұжымдар бар. Содан кейін халықаралық тәжірибеге сәйкес Азия даму банкі тарапынан атқарылып жатқан жобалар бар. Олармен бірлескен жұмыс жалғасуда», - деді С. Ахметжанов.
Спикердің сөзінше, таяуда ғана комплаенс қызметті, типтік ережені агенттік бекітеді деген заңға өзгерістер енгізілді. Комплаенс қызметтің жұмысын жетілдіру бойынша комплаенс қауымдастығы жұмыс істейді. Мемлекеттік емес ұжымдар да осы жұмыстарға өзінің тиісті үлесін қосып отыр.
Сонымен қатар С. Ахметжанов журналистің ішкі істер органдары қызметкерлерінің парасаттылығын тексерудің қалай жүріп жатқаны туралы сұрағына жауап берді.
Ол үшін 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес, Іntegrity check, Integrity scan деген халықаралық тәжірибені қолданыла бастаған. Соның арасында осы құқық қорғау жүйесінде алдымен агенттіктен парасаттылықты анықтау басталған. Бұл жұмысты әрі қарай Ішкі істер министрлігі жалғастырды. Қазіргі таңда оның тарапынан осы жұмыстар атқарылуда.
«Бұл арнайы тексеру емес, осы парасаттылықты анықтайтын жалпы ашық кейстер. Оның ішінде Конституция нормаларына қайшы келетін шаралар жоқ. Ол - халықаралық тәжірибе. Қазір ІІМ-де осының арқасында парасаттылық нәтижесі жоғарылады деп айтуға болады», - деді агенттік өкілі.