«Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Бұл осы елге алғашқы сапарым. Астана қаласын көріп, үлкен әсер алдым», - деді шетелдік мейман өз сөзінде.
Кездесуге қатысушылар пікір алмасып, медиа және коммуникация саласындағы тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Кездесу ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстандық қоғамдық даму институтының, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.