2025 жылға дейін (үш жыл бойы жүзеге асырылатын) 5 ұзақ мерзімді мемлекеттік гранттың иегерлері анықталды.

Биылғы конкурста гранттық қаржыландырудың жаңа механизмі қолданылды. Мәселен, алғаш рет градуирленген гранттар жүйесі енгізілді. Яғни, гранттар қаржыландыру көлеміне, іске асыру мерзіміне байланысты қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінді.

«Конкурс жеңімпаздарының жобалары жастардың репродуктивті денсаулығын сақтауға, мемлекеттік тілдегі заманауи зияткерлік командалық ойындарды дамытуға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған»,- деп атап өтті ҚР АҚДМ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында.

Гранттық конкурс қорытындылары бойынша мына сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады: 

Бұдан бөлек, үш ұзақ мерзімді грант бойынша конкурс, тәуелсіз сарапшылар комиссиясының шешімімен «өтпеді» деп танылғандықтан, ҚР АҚДМ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы тағы да (қосымша) гранттық конкурс жариялайды деп күтілуде.