14 жыл ішінде Бюджет кодексіне 176 түзету немесе орта есеппен жылына 12 түзету енгізілген. Ол нәтижеге және жаңа Бюджет саясатына бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманың ережелеріне негізделген.

Жоба аясында бюджеттік өтінім мен бағдарламаларды бірыңғай жоспарлау құжатына біріктіру арқылы бюджет процесінің мерзімдері мен кезеңдерін екі есе қысқарту ұсынылады. Сонымен қатар бюджет процестерін түбегейлі жеңілдету, салалық бюджет элементтері арқылы бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалану тиімділігін арттыру, нәтижелерді басқарудың жаңа құралдарын енгізу бойынша шаралар қабылданатын болады.

Қазіргі таңда мемлекет қаржысы тек бюджет аясында ғана есепке алынады. Бұл ретте елеулі мемлекеттік активтер бюджеттен тыс пайдаланылады. Осыған байланысты мемлекеттің нақты қаржы ресурстарын анықтау мүмкін емес.

Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев жаңа Бюджет кодексін әзірлеу кезінде қоғам өкілдерінің ұсыныстарын ескеруді тапсырып, жаңа құжат әр адамға түсінікті болуы тиіс екенін атап өтті.