Жол картасындағы іс-шаралар несиелік және онлайн-банкинг қызметтері нарығындағы алаяқтықтың алдын алу бойынша құқықтық жағдайлар жасауға бағытталған.
Жол картасындағы іс-шаралардың басым бөлігі заңнамалық тұрғыда реттеуді қажет етеді. Жауапты мемлекеттік органдар заңнамалық және салалық нормативтік-құқықтық актілерге қажетті түзетулер әзірлейді.
Кеңес қорытындысы бойынша Е. Жамаубаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, Жол картасының жобасын әрі қарай пысықтауды тапсырды.