Спикердің айтуынша, Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
«Соңғы жылдары Президенттің қолдауымен ғылымды бюджеттік қаржыландыру ұлғаюда. Биыл ол 158 млрд теңгені құрап, біртіндеп 240 млрд теңгеге дейін өседі», - деді Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі.
Спикер кеңестің отырысында талқыланған отандық ғылымның ашық моделінің үш ірі құрауышы туралы айтып берді. Бұл, ең алдымен, ғылымға инвестиция салғысы келетін бизнес үшін салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық артықшылықтар беру.
«Екінші блок министрлік ғылымының дамуына қатысты. Осы бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЖОО жанынан инжинирингтік орталықтар мен технопарктер құру бойынша жобалар іске асырылуда», - деді спикер.
Үшіншіден, ғылымды дамытудың өзекті басым бағыттары талқыланды.
Бүгінгі отырыс болашақ қайта құрулар үшін маңызды бастаманы белгіледі. Президент әріптестеріміз айтқан бастамалардың көпшілігін қолдады, деді Д. Ахмед-Заки.
Оның айтуынша, отырыста 4 негізгі баяндамашы сөз сөйледі. Олар Ғылым академиясының рөліне, ғылыми зерттеулердегі нақты экономиканың қажеттіліктеріне қатысты жүйелі сипаттағы мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, атом энергетикасын дамыту мәселесі, әсіресе, толий реакторларын құрудың жаңа технологиялары аясында талқыланды. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан геномдық технологияларды дамыту мәселелері қозғалды. Тарихи-археологиялық мәдени мұраны сақтау, ғылымды қажетсінетін өндірістердің еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуға тікелей әсері туралы көп айтылды.
«Мемлекет басшысы ғалымдардың пікірін тыңдап, Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Біз үшін негізгілердің бірі қазақстандық жүйелік ғылымды дамытуда Ғылым академиясының жаңа рөлін қалыптастыру, ғалымдарды әлеуметтік қолдау және зертханалар мен ғылыми орталықтарды қаржыландыруды ұлғайту міндеті болып табылады», - деп түйіндеді Ғылым комитетінің басшысы.