Спикер атап өткендей, портал тура 17 жыл бұрын 2006 жылдың 12 сәуірінде іске қосылған. Қазіргі уақытта пайдаланушылар саны шамамен 14 миллионға жуық. Осы жылдар ішінде 400 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Бүгінде е-үкімет порталы азаматтар мен бизнестің мемлекетпен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының маңызды және негізгі құралы болып саналады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетуді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуды білдіреді. Ең бастысы – біздің азаматтарымыз үшін қолайлы және жайлы өмір сүруді қамтамасыз ету», - деді «ҰАТ» АҚ басшысы.

Спикердің айтуынша, осы жылдар ішінде жүргізілген барлық жұмыстар біздің цифрлық рейтингтердегі, БҰҰ рейтингтеріндегі халықаралық позицияларымызды айтарлықтай нығайтты.

«Электрондық үкімет бойынша біз онлайн сервистер мен онлайн қызметтер көрсету бойынша ТОП-10 елдің қатарына кіретін көшбасшылардың бірі болып саналамыз», - деді Р. Коняшкин.

E-Gov порталы барлық мүдделі тараптарға Бірыңғай терезе шеңберінде мемлекетпен өзара іс-қимыл жасау үшін қарапайым және ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап азаматтар eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерге өтінім беруді жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта 400-ден астам қызмет пен сервис іске қосылды. Жыл соңына дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша смартфондағы мемлекеттік қызметтерді 90%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

«Қазір мобильді қосымшаны ай сайын 3 млн-ға жуық белсенді азамат пайдаланады. Барлығы 14 миллионнан астам қолданушы бар», - деді «ҰАТ» АҚ басшысы.