Қазіргі уақытта құрылыстың екінші кезеңі жүзеге асуда. Құрылыс барысымен танысқан өңір басшысы Нұржан Нұржігітов жауаптыларға жұмыстардың сапалы әрі тиісті мерзімде атқарылуын бақылауда ұстауды тапсырды.

«Тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес келетін иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыт базасында субстанциялар өндіру жөніндегі цех» (BSL-3) жобасының құрылысы биозауыттың өндірістік қуатын айына 500 мыңнан 2 млн дозаға дейін арттыру мақсатында жүруде.

Нысанның құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқтау, ал жоба желтоқсан айында толығымен іске қосу көзделген.