Оның айтуынша, 2021 жылдың шілдесінен бастап жұмыспен қамту саласындағы цифрлық экожүйенің бөлігі ретінде Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасы құрылды. Skills Enbek платформасының мақсаты - өмір бойы бүкіл халықтың дағдыларын үздіксіз дамыту және кәсібилік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Skills Enbek платформасы қысқа мерзімді онлайн оқыту курстарының маркетплейсі болып табылады. Яғни, сарапшылар өз курстарын орналастырып, білімдерімен, тәжірибелерімен бөліседі, ал кез келген қалаған адам оқудан өтіп, оның нәтижелері бойынша дағдыларды меңгергені туралы сертификат алады», - деді департамент директоры.

Платформа сұранысқа ие дағдыларды үйренуге немесе өз біліктілігін арттыруға ниет білдірген кез келген ҚР азаматы үшін қолжетімді. Бүгінгі таңда Skills Enbek-те 209 курс бар, оның 126-сы тегін, ал 85-і мемлекеттік тілде қолжетімді.

Skills Enbek пайдаланушыларында жұмыс үшін де, өмірде де өзекті дағдылар - smart skills бойынша тегін оқу мүмкіндігі бар. Мысалы, «Қаржылық сауаттылық», «Нөлден бастап бизнес-идея», «Маркетинг негіздері» курстары және басқалары. «Сайттарды нөлден бастап жасау» курсынан бастап «Android қосымшасын жасаушыға» дейінгі курстар бар. Ел педагогтеріне арналған «Білім беру ұйымының әдіскері», «Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс» курстары қарастырылған. Сондай-ақ үй шаруасындағы әйелдер үшін құлпынай, саңырауқұлақ, қоян өсіру туралы және басқа да пайдалы курстар бар, деп атап өтті спикер.

«Платформа іске қосылған сәттен бастап пайдаланушылар саны 249 мыңнан астам адамға жетті, оқуды сәтті аяқтап, 205 мың адам сертификат алды. Оқуды аяқтағандардың ішінде 109 мыңы - жастар, ал 41,3 мың адам жұмыссыз тұлға мәртебесіне ие», - деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өкілі.

Оның айтуынша, жастар сауда, тамақтану, персоналды басқару курстарында оқуды жөн көреді, ал аға буын көбінесе ауыл шаруашылығына қатысты курстарды таңдайды. Жасы ең кіші білім алушы 15-те, ал ең үлкені 81 жаста. Сондықтан білім алу ешқашан ерте емес және ешқашан кеш емес, деп санайды Қымбат Әдепбаева.

Айта кету керек, курстардың авторлары мен әзірлеушілері қазақстандық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, оның ішінде оқу орталықтары, жоғары оқу орындары, колледждер болып табылады. Бүгін Skills Enbek сайтында өздерінің ақылы және тегін курстарын әзірлеп, орналастырған 76 автор тіркелді.

«IteachMe» қоғамдық қоры IT және маркетинг бағыттары бойынша 3 тегін курстың авторы болып табылады: Motion design, Копирайтинг, UI/UX design. Осы курстар бойынша 605 пайдаланушы оқуды аяқтады, оның ішінде 62% жастар», - деді департамент директоры.