Спикердің айтуынша, ТЖМ елдің орман-дала алқаптарында алдын алу шараларын жүргізу үшін мемлекеттік өрт бақылау қызметтері, орман шаруашылығы мекемелері мен жергілікті полиция қызметкерлерінен 512 мобильді топ құрды. 206 халық жиыны, 130 дөңгелек үстел өткізілді, БАҚ-та көптеген баяндамалар ұйымдастырылды және басқа да бірқатар іс-шаралар өткізілді.
«Орман шаруашылығы құрылымдарымен, ерікті өрт сөндіру құралымдарымен орман өрттерін сөндіру кезінде бірлескен іс-қимылдарды пысықтау бойынша 19 бірлескен оқу-жаттығу өткізілді», – деді спикер.
Сонымен қатар, елді мекендердің маңында 1122 шақырым минералданған жолақ құрылып, 776 елді мекенде құрғақ өсімдіктер мен жанғыш қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылдың мамыр айының соңына дейін ТЖМ барлық елді мекендерге аудандар мен ауыл әкімдерінің өртке қарсы нұсқамаларды орындауы туралы ақпараттандыра отырып тексеру жүргізеді.
«Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 34 көктемгі-жазғы өрт тіркелгенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, 1088 гектар аумақта 235 дала өрті тіркелді», - деп ТЖМ комитетінің басшысы жұртшылықты демалыс орындарында өртке қарсы ережелерді сақтауға шақырды.