Осыған байланысты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері кәріз-тазарту нысандарының техникалық жағдайы мен құрылыс барысына мониторинг жүргізу мақсатында Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарына барды. Бұл жұмыс сапарлары кәріз-тазарту қондырғыларының қазіргі жағдайына және жобалау жұмыстарына кедергі келтіретін мәселелерді анықтауға бағытталған.

Қарағанды облысына жасалған жұмыс сапарында ведомство өкілдері қажетті шаралар ретінде қаржыландыру тетігі арқылы КТЖ жобаларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға кеңес берді. Сондай-ақ барлық мүдделі тараптың қатысуымен аталған жүйелерді жаңартуға қатысты кеңес өткізілді. Ал Шахтинск және Саран қалаларындағы ахуалға келсек, бұл елді мекендерде жоғарыда аталған инфрақұрылымның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу қажет.

Қызылорда, Шымкент, Тараз, Сарыағаш, Леңгір және Жаңатас қалаларындағы жағдайға тоқталсақ, іссапар қорытындысы бойынша бұл елді мекендердегі КТЖ-нің техникалық мүмкіндігіне қатысты есеп фотодерекпен ұсынылды.

Ел бойынша кәріз-тазарту нысандарының тозу деңгейі 60%-дан асады. Ал кейбір қалаларда бұл көрсеткіш 90%-дан жоғары. Осы орайда 2028 жылға дейін республикадағы 68 қалада КТЖ салып, жаңғырту жоспарланған.