2023 жылдың 21 сәуірінен бастап Air China әуе компаниясы Бейжің – Сиань – Астана бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) тікелей жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер Airbus-A320 типті әуе кемелерінде орындалады.

Өз кезегінде, Қазақстан тарапынан «Air Astana» әуекомпаниясы ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Астана – Бейжің бағыттары бойынша орындалатын рейстер санын 1 – ден 2 рейске дейін, Алматы – Бейжің бағыттары бойынша 6-дан 7 рейске дейін және Алматы-Чэнду бағыттары бойынша аптасына 1-ден 2 рейске дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Осылайша, елдер арасындағы рейстер саны аптасына 13-тен 19 рейске дейін ұлғайтылады, оның ішінде қытайлық «China Southern Airlines» әуе компаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша аптасына 2 рейс және Алматы – Үрімші бағыты бойынша 3 рейс.

Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа бағыттардың ашылуы және әуе рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.