«Шахмат – бұл өте әділ ойын. Мұнда бұрмалап төрелік ету мүмкін емес – кім мат қойса, сол жеңеді. Шахмат жеңуге, жеңілуге, қарым-қатынас жасауға үйретеді», – дейді қазақстандық гроссмейстер.
Балаларға шахмат ойнауды үйретудің маңыздылығына тоқталған, Мұртас Қажығалиев оның оқу үдерісіне жаңаша көзқараспен қарауға септігін тигізетініне сенім білдірді.
«Интернеттің, жаңа технологиялардың дамуымен бұрынғы білім беру әдістері әрдайым тиімді бола бермейді. Балалар көптеген әдістерді басқаша қабылдайды. Ал шахмат - бұл ойын. Ойын түрінде көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Талқыласақ, бұл өте қызықты тақырып. Ойын арқылы оқыту процесін басқаша жүргізуге және маңызды істермен айналысуға болады», – деді қазақстандық шахматшы ОКҚ алаңында.