Бүкіл әлемде инвесторлар кірістілігі жоғары ғана емес, сонымен қатар тиісті ESG принциптері бар қаржы құралдарын сатып алуға тырысатын тренд байқалады.

«Инвесторлар кейбір жағдайларда ESG мәселелері бойынша жеткізу шараларын қабылдамайтын компанияларға инвестиция салудан бас тартуға дайын. Қазақстанда қаржы ұйымдары «жасыл» экономикаға басымдық бере отырып, көміртекті көп қажет ететін жобаларды қаржыландырудан біртіндеп бас тартуда. Яғни, бүгінде инвесторлар өз саясаты мен инвестициялық стратегиясын өзгертуде», - деді спикер.

Қаржы реттеушісінің өкілі сондай-ақ «жасыл» жобалардан басқа, бұл санатқа ең алдымен тұрмысы төмен азаматтарды қолдауға, гендерлік және әлеуметтік теңдікке бағытталған әлеуметтік жобалар жататынын атап өтті.

Bloomberg бағалауы бойынша ESG активтерінің әлемдік көлемі 2021 жылы 35 трлн АҚШ долларын, 2022 жылы 41 трлн АҚШ долларын құрады және 2025 жылға қарай 50 трлн АҚШ долларынан асуы тиіс.

2021 жылдан бастап тұрақты жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстандық қор биржасында жалпы сомасы 157 млрд теңгеден астам ESG-облигациялардың 11 шығарылымының листингі өтті. Олардың эмитенттері Еуразиялық даму банкі, Азия Даму Банкі, «ДАМУ» Қоры, Қазақстанның Даму Банкі және KEGOC болды.