МЖӘ негізгі мақсаты – мемлекет пен жеке бизнестің тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдай жасау және дамуы үшін жеке инвестицияларды тарту.  

Басқарма төрағасының айтуынша, МЖӘ туралы заң қабылданған сәттен бастап елімізде құны 2 трлн теңгеден асатын мыңнан аса жоба жүзеге асырылған. Сол жобалардың арқасында елге жеке инвестициялар тартылды.  

Қазір мемлекет пен бизнес арасындағы жоба тәуекелдері бөлінуде. Жеке инвестор нысанды тиімді басқаруды қамтамасыз етуде.  

«Өткен жылы біздің орталық Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп Президенттің МЖӘ туралы заңды жаңарту тапсырмасына сәйкес жекеше әріптесті анықтау кезінде конкурстық рәсімдерді міндетті қолдануды, олардың ашықтығын, бизнеске жағдай жасауды, жобалардың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін түзетулер қабылдады», – деді С. Сағындықов.  

Журналистің мемлекеттік сатып алу мен МЖӘ-нің қайсының тиімдірек болатыны туралы сұрағына жауап бере отырып, С. Сағындықов бұл ретте олардың құнын ескеру қажет екенін айтты. Өйткені бюджетті инвестициялық жобадағы негізгі шығын – құрылыс құны ғана. Ал МЖӘ жобасында жоба құнына бүкіл мерзімге көзделген шығындар – құрылыс, жабдықтау, пайдалану шығындары, осының барлығы есептеледі.

«Сонымен қоса, банктен тартылатын қаражат көлемі есептеледі, себебі, жеке серіктестік компания ақшаны 21%-бен алады, бұл жоба құнына әсер етеді. Ал қаражатты бюджеттен алғанда ондай мәселе жоқ», – деді спикер.