Оның айтуынша, бүгінгі күні қазақстандықтар дәрігердің қабылдауына жазылуға, дәрігерді үйіне шақыруға, талдау нәтижелеріне және басқа да дербес медициналық деректерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін цифрлық құралдарды белсенді пайдаланады.

Электрондық үкімет порталында пациенттер үшін вакцинациялауға, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру қолжетімді. Сондай-ақ медициналық ұйымға тіркелуге болады. Сонымен қатар азаматтар электрондық медициналық құжаттарға қол жеткізе алады. Мысалы, емдеуге жатқызуға жолдама, стационардан шығару, аурухана парақтарын алу және т.б.

«Көрсетілген электрондық медициналық құжаттарға қол жеткізу азаматтардың медициналық ұйымдарға бару санын азайтуға мүмкіндік береді», – деді спикер.

2022 жылы eGov mobile мобильді қосымшасында «eDensaulyq» сервисі іске қосылды. Онда халық үшін донорлық мәртебесі, электрондық рецептілер, медициналық қарсы көрсетілімдер, жүкті әйелдерді есепке алу және диспансерлеу, емдеуге жатқызу, зертханалық зерттеулер нәтижелері және аурухана парақтары бойынша кеңейтілген ақпарат қамтылған.

«eDensaulyq» сервисі кезең-кезеңімен кеңейеді. Жақын арада қан тобы және басқа ақпарат қосылады», – деді вице-министр.

Сонымен қатар eGov mobile қосымшасы арқылы амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде дәрілік заттарды беру бөлігінде «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске асырылуда. Пилоттық жоба Астана қаласының емханаларында іске қосылды. Азаматтарды осы сервисті пайдалануға шақырамыз, деді Б. Есенбаев.

«eDensaulyq» – бұл Қазақстан азаматтары бойынша барлық негізгі деректер шоғырландырылған эталон. «Е-денсаулық» ядросына көшу медициналық қызметтерді тұтынушылардың қаражаттарының қозғалысын есепке алу және қадағалау тәсілін қолдануға мүмкіндік береді. Демек, денсаулық сақтауға ақша жұмсаудың ашықтығын, дәрілік заттарға болжамды қажеттілікті есептеуді автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Спикер денсаулық сақтауда көптеген кезектерді цифрландыру көзделіп отырғанын айтты. Бұдан басқа, eGov mobile қосымшасындағы «eDensaulyq» сервисі азаматтарға ұсынылған қызметтердің тізімін көруге және көрсетілмеген қызметті қосып жазу анықталған жағдайда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгінуге мүмкіндік береді.

«Яғни, азаматтың қызметті алу фактісін пациенттің биометриясы, QR-код, sms арқылы растау тетігі енгізіледі. Бұл медициналық көмек көрсетудің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді», – деді вице-министр.