Спикердің айтуынша, Сауда және интеграция министрлігі тауарды өндіруден сатуға дейінгі барлық тізбекті зерттеп, жергілікті жерлердегі өнімсіз делдалдарды қысқарту бойынша жұмыс жүргізді.

«1389 жеткізу тізбегінің электрондық шот-фактураларына жүргізілген талдау әрбір төртінші жағдайда бұзушылықтар бар екенін көрсетті», – деді СИМ бірінші вице-министрі.

Отандық қант зауыттары бағаны тұрақтандырудың барлық тетіктері бойынша қаржыландыруды ұсыну арқылы жергілікті тауар өндірушілерді белсенді қолдаудың жарқын мысалы болып табылады. Форвардтық шарттар жасасу отандық өндірістерді жүктеуді қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда қант зауыттарына қант шикізатын сатып алуға қаражат бөлінді. Қорландырудың жалпы сомасы шамамен 23 млрд теңгені құрады. Бұл біздің қантқа импорттық тәуелділігімізді төмендетеді, деп атап өтті спикер.

Министрлік сонымен қатар сауда саласындағы заңнамалық реформалар, сауда нарықтары мен ірі сауда объектілері үшін нақты ойын ережелерін белгілеу бойынша белгілі бір жұмыс жүргізуде.

«Алғаш рет өндірушінің ең төменгі бағасын белгілеу, әлеуметтік маңызы бар тауарды өткізу кезінде отандық тауар өндірушілерді қорғау тетігі енгізілді. Мемлекеттік бақылауды жүргізудің нақты алгоритмі жазылды, нарықтар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін және тұтынушының құқықтарын қорғау саласында елеулі көмекке айналатын ақпараттық жүйе құрылуда», – деді СИМ өкілі.

Арман Шаққалиев атап өткендей, 52 реттеуші акті қайта қаралып, базалық талаптарға қайшы келетін 543 тармақ анықталды. Яғни, бұрынғы талаптардың 31%-ы жойылды.

«Сауда саласындағы барлық нормативтік актілер жаңа Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес келтірілген», – деп түйіндеді бірінші вице-министр.