Өз сөзінде Е.К. Жамаубаев экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 2030 жылға қарай 40%-ға дейін ұлғайту стратегиялық мақсат болып табылатынын атап өтті. Осыған орай Үкімет бизнесті ашу және жүргізу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауда. Ұлттық жобалар шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жүзеге асырылады, кредиттер бойынша кепілдіктер, жеңілдікті қарыздар және басқа да қолдау шаралары ұсынылады.
Моно және шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде түпкілікті қарыз алушы үшін 5% мөлшерлеме бойынша жеңілдікті микрокредит беру енгізілді.
Несиелеудің ең жоғары сомасы 7-ден 3 млрд теңгеге дейін төмендетілді, бұл шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен көбірек қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асырылуда.
Қызметтің бірқатар басым түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғайтылды. Өңдеу өнеркәсібін дамытуды кеңейту мақсатында қолдау көрсету үшін қызмет түрлерінің тізбесі 151-ден 267-ге дейін артты.
«Бизнестің жол картасын» қаржыландыру жылына 224 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды.
Шағын және орта бизнесті қолдау аясында биыл «Даму» Қоры арқылы 20 мыңнан астам жобаны субсидиялау және 18 мыңнан астам жобаға кепілдік беру жоспарланған. Жалпы, «Даму» Қорының құралдары арқылы еліміздің барлық өңірлерінде жалпы сомасы 11 трлн теңгені құрайтын, 187,5 мыңнан астам кәсіпкерлер жобасына қолдау көрсетілді.
Жаппай кәсіпкерлікті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Жаңа реттеу саясаты енгізілуде. Биыл қаңтар айынан бастап Міндетті талаптар тізілімі жарияланды. Енді тексерулер тізілімде жоқ талаптар бойынша жүргізілмейді.
Осы жылы заңнамада бизнес үшін 10 мың артық талаптар жойылады. Бұл тексерулер санын айтарлықтай азайтады. Осы жылдың соңына дейін тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру толығымен аяқталады.
Бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп жаңа Салық кодексінің жобаларымен жұмыс жүргізілуде. Парламентке бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсартуға бағытталған заңнамалық түзетулердің 9-шы топтамасы енгізілді.
Үкімет пен бизнес арасында жүйелі және сындарлы диалог орнатылды.
Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған «Отандық кәсіпкерлер кеңесі» бизнеспен диалог алаңы өзінің тиімділігін көрсетті, деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.