Спикердің айтуынша, бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұжырымдамасы әзірленуде. Оның негізгі бағыттарының бірі қылмыстық процесті оңтайландыру болып табылады. Қазірдің өзінде қылмыстық істердің 90%-ы электрондық форматта тергелуде, биыл 19 мамырдан бастап тергеудің бейнеформатын енгізу жоспарлануда.

Бұл туралы журналистің сұрағына берген жауабында ІІМ Тергеу департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Санжар Әділов айтып берді. Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарының новеллаларының бірі тергеушінің қысқаша хаттама жасау құқығын енгізу болып табылады.

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы атап өткендей, бұрын оқиға болған жерді тексеруден бастап, жауап алу, бетпе-бет жүздестіру және т.б. сияқты негізгі тергеу әрекеттеріне дейінгі тергеу әрекеттерін жүргізуге көп уақыт жұмсалған. Тергеу әрекеттеріне қатысушылар хаттаманың дайын болуын бірнеше сағат күтуге мәжбүр болды. Енді барлық тергеу әрекеттері басынан аяғына дейін видеоға жазылады. ҚПК-нің 199-бабына енгізілген түзетуге сәйкес, тергеуші тергеу әрекеттерінің қысқаша мазмұнымен тергеу әрекеттері видеосының қысқаша хаттамасын жасайды. Бұл аз уақыт алады.

«Ең маңыздысын айтар болсам, біз қарапайым полиция тергеуіне көшуге дайындалып жатырмыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген өзгерістер тергеу органдарының қылмыстық істерді тергеудің толық бейнеформатына көшуіне негіз болады», - деп түйіндеді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы.