Президент бауырлас екі мемлекеттің сан ғасырлық ортақ тарихы мен мәдениетінің тамыры тереңде жатқанын атап өтіп, Түркиямен арадағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды биыл күзде түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Түркия Президенті Мемлекет басшысына алғысын айтып, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.