Заң жобасы қылмыстық процеске қатысушылардың барлығының мүдделерін сақтауды ескере отырып әзірленген. Онда мәселелердің үш блогы пысықталғанын айтты вице-министр.  Біріншісі – азаматтардың құқықтарын қорғау күшейту, екіншісі – қылмыстық процестің бәсекелестігін нығайту және үшіншісі – қылмыстық процесті оңтайландыру және бюрократиядан арылту.

Азаматтардың құқықтарын күшейту бөлігінде құқық қорғау органының маманы залалды растамаса, азаматтық-құқықтық дау болса, салықтық тексеру актісі болмаса немесе салықтық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі не сотқа шағым жасалмаса, қылмыстық қудалау орбитасында қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексерілудің бірыңғай тізілімінде тіркеуге тыйым салу жолымен азаматтарды негізсіз тартуды болдырмау қарастырылады.

«Елеулі бұзушылықтарды жою кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толық еместігін толтыру үшін істі прокурордың тергеушіге қайтару мүмкіндігін болдырмау. Заң жүзінде қылмыстық-процестік заңнаманы елеулі түрде бұзушылықтарды жою сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толық еместігімен байланысты бола алмайтынын бекіту ұсынылады», – деді А. Мұқанова. 

Бұдан басқа, қарау үстіндегі қылмыстық іс бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне ревизиялар мен тексерулер жүргізуді талап етудің прокурормен міндетті келісуін белгілеу көзделген.

«Қазіргі таңда Қылмыстық-процестік кодекстің 122 және 260 баптарында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді жүзеге асырғанда адамның тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде уақытша пайдалану үшін қажетті мәліметтерді кәсіпкерлерден талап етудің әр түрлі тәсілдері айқындалған. Сондықтан бір тәсілді бекіту мақсатында енгізіліп отырған ұсыныстар», – деді вице-министр.

Сонымен қатар ол тінту, жеке тінту және алу бойынша санкцияның он тәуліктің қолданылу мерзімін белгіленетінін айтты. Қазіргі таңдағы кодекстің нормалары мұндай санкцияларды алған сәттен бастап бір айдан кейін де іске асыру жағдайларына жол береді, ал тергеу органдарында іске асырудың және қолданудың мұндай мерзімдері қылмыстық қудалау орбитасына тартылған адамдардың заңдылығы мен кепілдіктерін қамтамасыз етуде негізделген алаңдатушылық туғызады. Соттарда көбіне осындай фактілер бойынша даулар туындайды, сондықтан осы нормаларды да регламенттеу ұсынылады, деп нақтылады әділет саласының маманы.

Ол бұрын қорғалуға құқығы бар куә ретінде болған адамның айғақтарын дәлел ретінде пайдалануға тыйым салу енгізілетінін жеткізді. Іс жүзінде көбіне қорғалуға құқығы бар куәгерлердің кейіннен іс бойынша күдікті деп танылатыны белгілі. Мұндайда бұрын қорғалуға құқығы бар куә мәртебесінде болған адамның құқықтары бұзылады. Өйткені, күдіктінің куәгерден айырмашылығы – оның айғақтары қылмыстық процесте дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін емес. Сондықтан қорғалуға құқығы бар куәгерге сараптама тағайындалып, жүргізілген жағдайда сарапшының алдына қосымша сұрақтар қою құқығын беру ұсынылады, деді вице-министр.