Оның айтуынша, облыста жеңіл және жүк көліктері, тракторлар, комбайндар, кондитерлік өнімдер, май, ет, сүт, шұжық өнімдері мен ұн өндірісі артты.

«Биыл индустриялық аймақ аумағында 2 жобаны – тракторлар мен шойын құю зауытына арналған кабиналар шығаратын зауытты іске қосу жоспарлануда. Бюджетке жыл сайынғы аударымдар тиісінше 180 млн теңгеден және 3 млрд теңгеден астам болады», – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ биыл арнайы шынжыр табанды техника шығаратын зауыт салу көзделген. Бастапқы кезеңде инвестициялар сомасы 2 млрд теңгеден асады, кейіннен капиталы 6 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Жалпы құны 41,5 млрд теңгені құрайтын 450 жұмыс орнын құра отырып, екі көліктік-логистикалық орталық салу жоспарлануда.

«Бұл өнеркәсіптік өнімдерді, соның ішінде автомобильдерді жөнелтуге арналған құрғақ порт. Тиімділігі – облыс бюджетіне жыл сайын 5 млрд теңге аударым түседі. Тағы бір логистикалық орталықты қытай компаниясы салады. Жобаның құны 415 млрд теңге, 100 жаңа жұмыс орны құрылады. Ол өңірде өсірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау және экспорттау үшін құрылады», – деді өңір басшысы.

Есепті кезеңде облысқа 183,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Олардың 85%-дан астамы - жеке инвесторлар. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде инвесторлар 3 млрд теңгеге дейінгі сомаға жылдық 6%-бен несие ала алады. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 1 бюджеттік теңгеге 6 теңге жеке инвестициядан келеді, деп атап өтті Қ. Ақсақалов.

«Жалпы, алдағы уақытта облыста 12 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 2,8 трлн теңгеге 61 инвестициялық жобаның пулы құрылды», – деп қорытындылады облыс әкімі.