ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Болат Танабергенов атап өткендей, сатып алушы тауарды қайтара алмаса, ол сатушының электрондық поштасына шағым жібере алады немесе сатушының қолына береді. 10 күндік мерзімде сатушы сатып алушының шағымына жауап беруге міндетті. Егер сатушы оны жауапсыз қалдырса, тұтынушы тиісті аумақтық бірлікте тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық орган, егер бұл орта немесе ірі бизнес субъектісі болса, тексеруді бастап, тұтынушының құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жүргізеді», – деп нақтылады ОКҚ алаңында спикер.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков жеңілдікпен сатылып жатқан тауарды айырбастаудан бас тарту жағдайына тоқталып, оны заңды білмеу немесе теріс пайдалану деп сипаттады.

«Егер оның бағасын төмендетсе, бұл кәсіпкердің экономикалық тетіктері, ол өзінің пайдасы мен шығынын есептейді, ал тұтынушы одан зардап шекпеуі керек. Қолданыстағы заңда бізде бірінші ескерту қарастырылған. Кәсіпкер тұтынушы алдында жауап беруге тиіс. Сондықтан біз азаматтық-құқықтық айыппұл енгізбекпіз», – деді комитет төрағасы.