Критерийлер барынша жеңілдетілді және халықаралық ұсыныстарға сәйкес келтірілді.
Осылайша, креативті индустрия жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын экономика секторына айналды.
«Министрліктің креативті қоғамдастықпен және мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысының арқасында Қазақстанда алғаш рет креативті индустрияны қаржылық жағынан да, қаржылық емес жағынан да қолдау үшін құқықтық негіз пайда болды. Бұл үдеріс саланың жаңалығына және тіпті халықаралық деңгейде бірыңғай критерийлердің болмауына байланысты белгілі бір уақытты алды. Мемлекеттік қолдаудың нақты шаралары саладағы жағдайды мұқият зерделегеннен кейін биыл Үкіметтің қарауына ұсынылатын болады», – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.