Спикердің пікірінше, киіктерді аулауға байланысты мәселелер жойылып кеткен инфрақұрылымды қалпына келтіруді талап етеді, ет, тері өңдеуді жолға қою қажет. Киіктердің мүйізіне келетін болсақ, халықаралық конвенцияға сәйкес оларды коммерциялық сатуға тыйым салынғандықтан, оларды алып, Охотзоопромда сақтау керек.


Ғалымдар көктемгі есеп бойынша киік басының 20%-на дейін, яғни 1 млн 915 мың дарақты аулауды ұсынады. Бірақ бұл көрсеткіш әлі бекітілген жоқ. Ең бастысы, табиғатқа зиян келтірмеу, ешқашан да белгілі бір киік санының басын қысқартпау, дейді А.Ким.


«Аулау ел экономикасына, популяциясын реттеу мақсаттарына жұмыс істеуі тиіс. Түскен қаражаттың бір бөлігі фермерлерге егіннің тапталуынан келтірілген залалды өтеуге жұмсала алады», - деп есептейді комитет төрағасының орынбасары.


Сондай-ақ, спикер киіктерді қолға үйрету туралы сұраққа жауап берді. А. Ким Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті бірнеше жылдан бері осы бағытта жұмыс істеп келе жатқанын растады.  Ұлытау ауданында питомник жұмыс істейді. Биыл университет базасында Орал қаласының маңында тағы бір питомник ашылды. Белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді, қолға үйрету мәселелері пысықталуда, деп сендірді ЭТРМ өкілі.