Елордада Ұлттық спорт университетінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оны 2025 жылы аяқтау жоспарда бар. Университеттің іске қосылуы кадрларды даярлаудың бастапқы кезеңнен бастап спорта жоғары жетістіктерге жеткенше дейінгі үздіксіз процеске оң ықпалын тигізеді.

«Республика бойынша екі жыл ішінде 113 жаңа спорт нысаны салынады, қолданыстағы 26 кешен қайта жаңартылады. Ол МЖӘ тетігі негіңзінде жүзеге асады. Еліміздің барлық спорттық инфрақұрылымына ауқымды түгендеу жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша әр өңірде жұмыс істеп тұрған объектілердің талап етілетін стандарттарға сәйкессіздігі анықталды», – деп атап өтті спикер.

Осылайша, жүргізілген жұмыстың нәтижесінде спорттық инфрақұрылымда, атап айтқанда ауылдық елді мекендерде аса мұқтаж өңірлердің тізбесі айқындалмақ. Келер жылдан бастап модульдік үлгідегі тез салынатын, аз шығынды талап ететін 10 спорт нысаны салынбақ.

«Бүгінде елімізде жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен 7,6 млн адам айналысады, ол ел халқының 38,5%-ын құрайды. Бұл көрсеткішті 2029 жылы 50%-ға жеткіземіз. Салауатты өмір салтын насихаттау үшін республика бойынша жыл сайын 1,2 млн адамды қамти отырып, барлық жас санаттарына бағытталған 25 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс шаралар тұрақты негізде өткізіледі, оның ішінде ауылдық жерлерде 500 мың адам», – деп түйіндеді жауыпты ведомство басшысы.

Президенттің тапсырмасына сәйкес өскелең ұрпақтың спорттық әлеуетін дамытуға басымдық беріледі.