Оның мәлімдеуінше, жаңадан «migration.enbek.kz» порталы құрылды. Ол келу мақсатына қарамастан Қазақстандағы шетелдік азаматтардың бірыңғай есебін, сондай-ақ көші-қон ағындарының мониторингі мен бақылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мигранттардың қозғалысын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру көзделуде. Бұл мигрантты цифрлық сәйкестендіруге, қажет болған жағдайда сапардың мақсаттарына қарамастан физикалық орналасқан жері мен қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді», – деді Көші-қон комитетінің төрағасы.
Жалпы, көші-қон саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар Министрліктің тұрақты бақылауында.