Оның хабарлауынша, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-профилактикалық жұмыс аясында 1 қарашадан бастап 267 мыңға жуық буклеттер мен парақшалар таратылып, телерадио бағдарламларда 6 мыңнан астам хабарлама жасалды. 1 мыңнан астам мақала шығарылып, халықпен 2 мыңға жуық жиын өткізілді. Профилактикалық жұмыстарға 15 700 ерікті тартылды. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп 22 мыңға жуық патрульдер мен рейдтер жүргізілді, 3564 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алайда атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, 2023 - жылдың бірінші желтоқсанынан бастап еліміздің су айдындарында 7 адам суға батып кетті, оның біреуі кәмелетке толмаған. Бұл ретте 59 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Талдау нәтижелері көрсеткендей, қыста судағы өлімнің басты себептерінің бірі – халықтың, әсіресе балалардың мұзда болу қаупін білмеуі.
«Сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қыс мезгілінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Мұзда болған кезде мұздың жұқа және нәзік жерлеріне шығуға, мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтарға жиналуға, мұздағы ойықтарға, жарықтарға, жақындауға, көлік құралдарымен өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс мұзға шығуға, от жағуға, екі тесікті 20 сантиметрден аз қашықтықта тесуге рұқсат етілмейді, ал жұп тесіктерді басқа жұп тесіктерден 2 метрден аз қашықтықта тесіңіз, сондай-ақ мұзда құрал жабдықты және қоқысты қалдырмаңыз. Қараңғыда және мұз басқан немесе еріп жатқан кезде мұзға шықпаңыз. Балаларға мұзда болудың қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауды ескере отырып, ересектермен бірге жүруге рұқсат етіледі», – деді полковник.
Мұздың қалыңдығы 25 см-ден кем болған кезде мұз астында балық аулауға жеке құтқару құралдары болған кезде ғана жол беріледі. Қарапайым ережелерді сақтау өмірді сақтауға мүмкіндік береді. Ал, оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.