«Жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған жұмыс орындарына орналасуға қажетті тәжірибесі, біліктілігі, дағдылары жетпеген жағдайда мансап орталықтары жұмыс берушінің сұранысына сәйкес оқыту ұйымдарына жұмыс орнында біліктілігін арттыруға бағытталған қысқа мерзімді оқуға жолдау көзделген. Бұдан басқа, өздігінен білім алуға құштар болған азаматтар үшін электронды еңбек биржасында онлайн оқудан тегін түрде өтуге мүмкіндік қарастырылған», – деді спикер.
Жұмыспен қамтуға ықпалдасу шараларының келесі қадам – кәсіпкерліктің тынысын қолдауға бағытталған мемлекеттік грант беру және жастарға жеңілдетілген шағын несие беру. Вице-министр өткен жылдың қорытындыларына тоқталды.
«2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 963 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Ұлттық жобалар шеңберінде 265,1 мың азамат жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 198 мыңнан астам мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде 382,4 мың адам, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына 316 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылған азаматтардың 50 %-дан астамы немесе 472,9 мыңы – 35 жасқа дейінгі жастар», – деді вице-министр.
Сондай-ақ, ведомство өкілі өңірлер бөлінісінде Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларына жұмысқа орналастырылған азаматтардың 52%-ы тиесілі екенін айтты.
Жұмысқа орналасқан азаматтардың 54%-ы – ауыл тұрғындары. Ал отбасылардың 70%-да тек бір ғана адам жұмыс істейді. Сонымен қатар қолданыстағы «Отбасының цифрлық картасы» атты ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес, 559 мың азамат немесе 58% отбасы жұмысқа орналасу арқылы әлеуметтік жағдайына дұрыстауға мүмкіндік алған.