Оның айтуынша, құлсарылықтардың негізгі легі  Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы, Теңіз кен орнындағы қалашығындағы жатақxаналарға орналастырылды. Бірқатар құлсарылық Атырау қаласындағы туыстарына келіп жатыр. Дайындалған 5 мың 3 жүз орын әзірге бос тұр.


«Жалпы қазіргі таңда Құлсары қаласында су толыққанды басылды деп айта алмаймыз. Әлде де бірқатар аудандарды құрғақ көлемде сақтап отырмыз. 5 мыңға жуық азамат судың басылуына еңбек атқаруда. Аудан мүмкіндігіндегі теxникалардың бәрі жұмылдырылған болатын Құлсарыға. Бастысы Құлсарының су жетпеген аймақтарын сақтап қала тұра, су келіп қалған аумақтарын кептіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастыру. Бүгін өңірде премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен арнайы жиналыс өткізіліп, тиісті тапсырмалар берілген болатын. Мамандардың берген ақпараты бойынша қазіргі таңда Құлсары қаласына тасыған Жем өзенінің бас жағында судың деңгейі төмендей бастады. Орташа болжаммен 3 күннен кейін Құлсары қаласындағы су өзінің арнасы бойынша төмен Каспийге қарай ағып кетеді деп болжануда»,-деді спикер.


Облыс әкімі орынбасарының хабарлауынша, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары су кеткеннен кейін басталады. Қазірден бастап арнайы аудандық деңгейде комиссия құрылды. Шығындарды есептеу жұмыстары су кету уақытымен бірге басталатын болады.


«Жалпы Құлсары қаласы бойынша орташа осындай жұмыстар. Атырау қаласында Ирикла су қоймасынан үлкен суды күтіп, есептеп дайындалып жүрген болатынбыз. Бірнеше теxника мен ондаған мың адам Жайық жағаларын бекітудеміз. Сонымен қатар Жайықтан бөлінетінін каналдардың да руслоларын  тазартып, олардың болған жағаларын бекіту жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатырмыз. 20 үлкен деген өңірдегі құрылыс компанияларын тартқан болатынбыз. Ең ірі 6 мұнай компанияларын да бұл жұмысқа тарттық. Бұл жұмысқа ерікті түрде тартылып жатқан атыраулықтар саны артып келеді»,-деп хабарлады Жасұлан Бейсенбиев.