Облыстың 2 ауданындағы 9 елді мекен көлік қатынасынсыз қалып тұр. Бұл елді мекендерде азық-түлік және тұрмыстық заттар қоры жеткілікті. Жүзу құралдарымен өткел жасалды, тұрғындармен тұрақты негізде ақпараттық байланыс жүзеге асырылады. 

Өңірде 3 әуе кемесі дайын тұр,  олар қажет болған жағдайда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ гуманитарлық көмекті жеткізуді жүзеге асыратын болады.

Жергілікті ауқымдағы 6 төтенше жағдай жарияланды. Зардап шеккен азаматтарға арналған 161 уақытша орналастыру пункті бар. 19 пунктте 1801 адам, оның ішінде 777 бала бар. Эвакуацияланған халық ыстық тамақ және орналастыру орындарында бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілген.

Өңірдегі азаматтық қорғау қызметтерін тарту арқылы облыстық жедел штабтың жұмысы өрістетілді. Осыған ұқсас штабтар Орал қаласында және су тасқыны қаупі бар аудандарда жұмыс істейді. «Жедел желі» телефонына тұрғындардан 430-дан астам қоңырау келіп түсті және өңделді.

Су тасқынынан қорғау құрылыстарын нығайту жөніндегі іс-шараларға барлығы 4750 адам, 954 бірлік техника, 95 бірлік жүзу құралы, 332 мотопомпа және 3 әуе кемесі жұмылдырылды.

«Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Су Ресей Федерациясы аумағынан келеді, онда су тасқынына байланысты Ириклин қоймасына белсенді су жіберу жүргізілді. Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, Ириклин су қоймасының Ресей Федерациясынан жіберілетін су көлемі біртіндеп азаяды. Дегенмен, облыста су басу қаупі жоғары деңгейде қалып отыр», - деп атап өтті спикер.

Жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ басқа да ұйымдармен бірлесіп, елді мекендерді су тасқынына қарсы қорғауды нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені өткізіледі. Қорғаныс құрылыстары салынды, ұзындығы 33 шақырым, 250 мың дана қап төселді.

Халықты барынша хабардар ету үшін әр 2 сағат сайын теле-радиоарналардан ақпарат таратылады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және бақылауда.